«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар) (үзінді) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Сапасы: тарих және мәдениет көне ескерткіштерінің көпғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

19-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ұлттық фильмдер шығару»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1120423 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма миллион төрт жүз жиырма үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық кинематографияны дамыту, республика тұрғындарының мәдени-эстетикалық, рухани қажеттілігін қанағаттандыру, ұлттық фильмдердің халықаралық имиджін нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның даму болашағы мен бүгінгі күнгі жағдайын, тарихын бейнелейтін әралуан түрдегі және жанрдағы киношығармашылығын жасау жолы арқылы ұлттық киноөнерін дамытуды қамтамасыз ету;

қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптасқан терең философиялық-рухани негіздері мен құндылықтарын бейнелеу, гуманистік идеалдарға, адамгершілік пен патриотизмге негізделген кинематографиялық тақырыптарды игеру;

әлеуметтік-қоғамдық, саяси, экономикалық мәдени өмірдегі қазақ халқының қазіргі жетістіктерін деректі, көркем, анимациялық кино құралдары арқылы көрсету;

өмірді дәлелдететін ұстанымды Замандас бейнесін бейнелейтін киношығарма жасау үшін шығармашылық зиялыларын біріктіру және шоғырландыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильмдермен фильм қорын молайту.

Тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген 6 ауыспалы көркем фильмдерді шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 9 деректі фильмдер шығару.

2 дебюттік-фильмдер шығару.

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 анимациялық фильмдер шығару.

Соңғы нәтиже: Республика тұрғындарының идеалогиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру.

Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын киноматография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Көркем фильмді шығарудың орташа құны - 154 500,0 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны - 3300,0 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны - 10 000,0 теңге, дебюттік-фильм шығарудың орташа құны - 20 000,0 мың теңге. Уақтылығы: Тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.

Сапасы: Халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

20-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 290034 мың теңге (екі жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетін Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарға қарайтын мемлекеттік мекемелер санының лимиттік штатын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оның ғылым, мәдениет даму мақсатында қолдану, мемлекеттік сұранысты өтеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын арнайы қолдану және мемлекеттік есепке алу, сақталуын, толықтырылуын қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының 1654000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу;

- 1000 тираждық "Қазақстан мұрағаты" журналының басылымы;

- 200 тираждық мұрағат құжаттарының ғылыми-ақпараттық бюллетенінің басылымы;

- 45 саяхат өткізу;

- Республикалық семинар өткізу;

- Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен форумдарға қатысу;

- Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу;

- Есте ұстар және атаулы күндердің күнтізбесін құрастыру;

- Мұрағат құжаттарының 120000 бірлігінің қайта өңделуі;

- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 260000 микрофильмдерінің сақтандыру қорын құру;

- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 260000 микрофильмдерінің қолдану қорын құру;

- 263 комплектілі әдістемелік және кеңестік көмек өткізу;

- әлеуметтік-құқықтық мәнге ие, соның ішінде, 1700 ұсыныстардың орындалуы;

- 150 тақырыптық ұсыныстардың орындалуы;

- БАҚ-та 30 мақаланың жарияланымы;

- Қолданушыларға оқу залы арқылы сақталған 22500 бірлікті беру;

- Тұрақты сақтау үшін 6000 жұмыстың тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиямен бекіту;

- Сатып алу:

- Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті орталық мемлекеттік мұрағатына:

- Компьютерлік қондырғы - 6 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік, сканер - 1 бірлік;

- "Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің" бағдарламалық өніміне ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу орталық мұрағатына:

Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; каталогтық шкаф - 3 бірлік;

мұздатқыш - 2 бірлік: ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті ғылыми-техникалық мемлекеттік орталық мұрағатына:

Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; сканер - 1 бірлік;

ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті Шағын фильм жасау және мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдарды қалпына келтіру орталық зертханасында:

Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік, кіші типография - 1 бірлік;

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісi

жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығына:

Компьютерлік қондырғы - 3 жабдық; сканер - 1 бірлік.

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығына:

Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты -  1 бірлік; сканер - 2 бірлік; микроформа арқылы есептеу қондырғысы - 1 бірлік; оқу аппараты - 2 бірлік; ризограф - 1 бірлік, проектор - 1 бірлік; экран - 1 бірлік;

«Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» бағдарламалық өніміне

ҚР Ұлттық мұрағатына:

Транспорт - 2 бірлік (Газель, жеңіл автомобиль); Компьютерлік қондырғы - 30 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты - 3 бірлік; сканер - 4 бірлік; микроформа арқылы есептеу қондырғысы - 1 бірлік; оқу аппараты - 4 бірлік; оқу-көшірме аппараты - 1 бірлік; кіші типография- 1 бірлік; ризограф - 1 бірлік; кіші АТС - 1 бірлік; мұздатқыш - 5 бірлік; сейф - 10 бірлік; кинокамера -1 бірлік; цифрлы фотоаппарат - 1 бірлік; бейне магнитофонымен телевизор - 3 бірлік;

- «Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» бағдарламалық өніміне; «Бухгалтерия -1С»

Соңғы нәтиже: Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды, жасақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өткізу, мұрағат саласының қызметін жетілдіру, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеудің 1 бөлігінің 39 пайызын өткізу және аяқтау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтауға(басқару ісі, ғылыми-техникалық құжаттар, бюкс, кадр, магнитті диск, слайд, жеке қор құжаттары) кеткен шығын - 118 теңге.

Уақтылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.

Сапасы: мемлекет пен қоғамның құжаттық ақпараттық жағдайларын қажеттілігін қанағаттандыру және сақтау жақсарту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

21-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу»

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1004538 мың теңге (бір миллиард төрт миллион бес жүз отыз сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы, 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 94-р «2005-2006 жылдар аралығында республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндер тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Өткізу: 11 конкурстар, 4 мерейтойлық іс-шаралар, 9 фестивальдар, 7 мерекелік күндер, 9 басқа да іс-шаралар.

Соңғы нәтиже: Халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 24501 мың теңге.

Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.

Сапасы: Адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру.

Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

22-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2576689 мың теңге (екі миллиард бес жүз жетпіс алты миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.